Футзал

Оразбеков: Еременко кубогында әсерлі ойын көреміз деп үміттенемін

Оразбеков: Еременко кубогында әсерлі ойын көреміз деп үміттенемін
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» президенті Қайрат Оразбеков алдағы Еременко кубогына қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Константин Еременко кубогының үш дүркін жеңімпазы атанғанымызды құрмет санаймыз. Ұзақ жылдардан бері бұл жарыс беделді болып кетті. Естеріңізде болса, ең алғашқы Еременко кубогының финалы Алматыда өткен және сол кезде алматылық «Қайрат» жеңімпаз атанған болатын. Менің жақын досым әрі ұлы футболшыны осындай керемет турнирде еске алатындары үшін қуанамын.

Барлық командалар әсерлі ойын көрсетіп, жанкүйерлерін қуантады деп үміттенемін», - деді Оразбеков.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық футзалдың флагманы турнирдің барлық сайыстарына қатысып, үш рет жеңімпаз атанған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер