Алдин Джидич: «Кумыков пен Пасулько арасындағы қақтығыс болғаны рас»
![Алдин Джидич: «Кумыков пен Пасулько арасындағы қақтығыс болғаны рас»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1381237007_396891337.jpg?v=28689558)
«Шахтердың» қорғаушысы Алдин Джидич «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне Виктор Кумыков пен Виктор Пасулько арасындағы қақтығыс жайлы екі-үш сұраққа жауап берді.
- Кумыков пен Пасулько арасындағы қақтығыс жайлы не ойлайсыз?
- Біздің бапкер команданы ылғи да қорғайды. Қандай оқиға болмасын. Пасулько не айтқанын естіген жоқпын, дегенмен екі бапкердің арасындағы қақтығыс болғаны анық.
- Кумыковты қолдайсыз ба?
- Кумыков жасаған әрекетін дұрыс деп айта алмаймын. Алайда бір нәрсе болғаны рас. Ол өзден-өзі ашуланбайды ғой.
- Кумыковтың орында болсаңыз осылайша істер едіңіз бе?
- Мүмкін. Менде біздің бапкер секілді команда үшін барлығына дайынмын, ылғи да қорғаймын.