Қысқы

XXIII қысқы Олимпиада ойындары аяқталды

XXIII қысқы Олимпиада ойындары аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен XXIII қысқы Олимпиада ойындары бүгін ресми аяқталды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Алты құрлық асыға күткен кезекті ақ Олимпиада да тарих қойнауына енді. Дүбірлі додада спорттың 15 түрі бойынша 102 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Ақпан айының басынан бастап корей түбегіне ағылған 80-нен астам елден келген спортшылар 17 күн бойы бізді қызыққа бөледі.

Солардың қатарында бақ сынаған қазақстандық спортшылар да біреуден кем, біреуден артық нәтиже көрсетіп қайтты. Біздің 46 отандасымыз 57 жолдамаға ие болған болатын.

Қазақстандықтар Олимпиадаға спорттың 9 түрінен қатысты. Олар биатлон, мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шорт-трек, конькимен сырғанау, шаңғы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристаиль, акробатика могул жарыстары.

Өкінішке орай, нәтижеміз көңіл көншітерлік болды деп айта алмаймыз. Команда қоржынында фристайлшы (могул) Юлия Галышева алып берген жалғыз қола медаль бар. Осы жүлденің арқасында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте 28-ші орын алды.

Бұл көрсеткіш бойынша осыдан төрт жыл бұрын Ресейдің Сочи қаласында өткен нәтижемізді қайталадық. Ол кезде мәнерлеп сырғанаушы Дени Тен қола жүлдеге қол жеткізген болатын.

Командалық есепте бірінші орынды 39 медальмен (14-14-11) Норвегия құрамасы алса, екінші орынды 31 медальмен (13-14-11) Германия иеленді. Ал үздік үштікті 29 медаль (11-8-10) алған Канада спортшылары түйіндеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер