Күрес

Азия чемпионатында кімдер күреседі

news-banner7
mobile-news-top

Ақпанның 27-і мен наурыздың 4-і аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтеді. Биыл Біріккен күрес әлемінің жаңа ережесі бойынша өтетін құрлықтық додада балуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыларды анықтайды, деп хабарлайды күрес федерациясының ресми сайты.

Осыған байланысты еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев пен әйелдер күресінің бас бапкері Қайрат Сағадиев және грек-рим күресінен бас бапкер Нұрым Дүйсенов Бішкекте ел намысын қорғайтын балуандардың есімін атады.

Азия чемпионатына қатысатын балуандар тізімі

Еркін күрес

57 келі: Жандос Исмаилов (Алматы облысы);

61 келі: Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы);

65 келі: Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы);

70 келі: Мейіржан Әшіров (Жамбыл облысы);

74 келі: Данияр Қайсанов (ШҚО);

79 келі: Ғалымжан Өсербаев (Қызылорда облысы);

86 келі: Азамат Дәулетбеков (ШҚО);

92 келі: Әділет Дауламбаев (Алматы қаласы);

97 келі: Мамед Ибрагимов (Павлодар облысы);

125 келі: Дәулет Шабанбай (Павлодар облысы);

Бас бапкер – Әсет Серікбаев;

Әйелдер күресі

50 келі: Марина Закшевская (Алматы қаласы)

53 келі: Жұлдыз Ишимова (Астана қаласы)

55 келі: Назгүл Нұрахан (Қостанай облысы)

57 келі: Гүлшахрат Таласова (ОҚО)

59 келі: Алтынай Сатылған (ОҚО)

62 келі: Аяулым Қасымова (Алматы облысы)

65 келі: Альбина Қайыгелдинова (Ақмола облысы)

68 келі: Ирина Казюлина (ШҚО)

72 келі: Жәмила Бақбергенова (Алматы қаласы)

76 келі: Элмира Сыздықова (Қарағанды облысы)

Бас бапкер - Қайрат Сағадиев.

Грек-рим күресі

55 келі. Қорлан Жақанша (Алматы қ.)

60 келі. Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы)

63 келі. Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)

67 келі. Алмат Кебісбаев (Астана қаласы)

72 келі. Демеу Жадыраев (Алматы облысы)

77 келі. Мақсат Ережепов (Қостанай облысы)

82 келі. Асхат Ділмұхамедов (Алматы облысы)

87 келі. Хусейн Муцольгов (Қарағанды облысы)

98 келі. Ерұлан Ысқақов (Қарағанды облысы)

130 келі. Антон Совенко (Павлодар облысы)

Бас бапкер - Нұрым Дүйсенов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер