Жеңіл атлетика

Қазақстан кубогының финалы: Лошкарев бұл жолы Дергачев пен Боднардан басым түсті

news-banner7
mobile-news-top

22 ақпан күні жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалының алғашқы жарыс күні аяқталды.

Ұзындыққа секіруге қатысқан атлеттер жоғары нәтиже көрсете қойған жоқ. Ерлерден көкшетаулық Тахиржан Қадырқұлов, әйелдерден Мария Овчинникова тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Сырықпен секіруден ерлер арасындағы жарысқа 6 спортшы қатысуға өтініш берген. Бірақ біз оның тек бесеуін көрдік. Қазақстан кубогының финалы Михаил Будасыз өтті. Алматылық Никита Филиппов екінші кезеңде 5.50 метрге секірген еді. Бұл жолы 5.30 метрден әр асқан жоқ. Соның өзінде екінші орындағы атлеттен 30 сантиметрге озып кетті.

Спринтерлердің сайысында тағы Вячеслав Земс пен Виктория Зябкина үздік шықты. Қарағандылық атлет бұл жолы тағы да мәреге 6.82 секундта жетті. Ал Виктория Зябкина қысқы маусымда жоғары нәтиже көрсете қойған жоқ. Бұл жолы финалда 60 метрді 7.49 секунд жүгірді.

Биіктікке секіруден әйелдерде Надежда Дубовицкаяға бәсекелес жоқ. Семейлік атлет аса қиналмай бірінші орын алды. Ерлер арасында жарыста бірінші орынға Роман Лошкарев, Юрий Дергачев және Антон Боднар таласты. Олардың арасында 216 сантиметрге секірген алматылық Лошкаревтың жолы болды.

22 ақпан. Жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалы.

Ұзындыққа секіру. Ерлер:

1. Тахиржан Қадырқұлов (Ақмола обл.) – 7.23 м;

2. Александр Киселев (Қарағанды обл.) – 7.17 м;

3. Василий Копейко (Қарағанды обл.) – 7.06м.

Ұзындыққа секіру. Әйелдер:

1. Мария Овчинникова (Қарағанды обл.) – 5.62 м;

2. Любовь Лебедева (Қарағанды обл.) – 5.52 м;

3. Анастасия Заводина (ШҚО) – 5.43 м.

Сырықпен секіру. Ерлер:

1. Никита Филиппов (Алматы) – 5.30 м;

2. Иван Товченик (Алматы) – 4.80 м;

3. Ербол Каленов (ШҚО) – 4.40 м.

60 метрге жүгіру. Ерлер:

1. Вячеслав Земс (Қарағанды обл.) – 6,82 сек.

2. Сергей Русак (Павлодарская обл.) – 6,91 сек.

3. Александр Каспер (Астана) – 6,92 сек.

60 метрге жүгіру. Әйелдер:

1. Виктория Зябкина (Алматы) – 7,49 сек.

2. Әйгерім Шыназбекова – 7,69 сек.

3. Валентина Степанковская (Павлодар обл.) – 8,02 сек.

Биіктікке секіру. Ерлер:

1. Роман Лошкарев (Алматы) – 216 см;

2. Юрий Дергачев (Қарағанды обл.) – 212 см;

3. Антон Боднар (ОҚО) – 208 см.

Биіктікке секіру. Әйелдер:

1. Надежда Дубовицкая (ШҚО) – 180 см;

2. Александра Кривицкая (ШҚО) – 170 см;

3. Анастасия Ефименко (Алматы) – 160 см.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер