«Ертістің» жеткіншектері халықаралық турнир жеңімпазы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Ақпанның 19-23 аралығында Ресейдің Омбы қаласында балалар арасындағы футболдан халықаралық турнир өтті.

Сайысқа павлодарлық футбол орталығының тәлімгерлері қатысты. Асхат Құсайынов пен Илья Иноземцев қол астындағы «Ертіс-2008» «Эдельвейс» (Бердск), «Динамо» (Омбы), «Ертіс» (Омбы) командаларымен «Б» тобына түсіп, іріктеу кезеңінен қажетті ұпай жинай алды. Нәтижесінде жерлестеріміз ақтық кезеңге жолдама алып, «Юность»(Екатеринбург) және «Красная Звезда» (Омбы) құрамаларымен ойын өткізген.

Екі матчта да, павлодарлықтар басымдылыққа ие болады. Омбылықтарға қарсы шешуші ойында «Ертіс» 1-ші таймнан кейін 1:3 есебімен жеңіліп жатқан еді. Дегенмен матчтың екінші жартысында құрама ойыншылары мінездерін көрсете білді. Қорытынды есеп 5:3.

Осылайша, «Ертіс-2008» турнир жеңімпаздары атанды. Бұдан бөлек, Шыңғыс Қалиев және Гапур Мержоев сайыста үздік ойыншылар атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер