Жеңіл атлетика

Қазақстан кубогының финалы: Үш қарғып секіруден Овчинникова мен Эктов үздік шықты

news-banner7
mobile-news-top

Өскенменде өткен жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалында үш қарғып секіруден Петропавлдан келген Евгений Эктов бір рет ғана сәтті секірді. Соның өзі чемпион болуға жеткілікті болды. Әйелдерден –теміртаулық Мария Овчинникова топ жарды.

Финалда Мария Овчинникова мен Ирина Эктованың бәсекесін күтеміз деп ойлап едік. Бірақ Эктова бұл жолы тағы да жарыс жолына шыққан жоқ.

Сондықтан Мария 13.37 метрмен жеңіске жетті. Бұл теміртаулық атлеттің ақпан айындағы ең жоғарғы нәтижесі. Тегерандағы Азия чемпионаты, Қазақстан кубогының екінші және жастар арасындағы Қазақстан чемпионатында 19 жастағы атлеттің көрсеткіші бұдан төмен болған. Негізі Овчинниковадан мамандар жоғары нәтиже күткен болатын.

Екінші орын осы сайыс түріне биіктікке секіруден жақында ауысқан Регина Қайсароваға бұйырды (12.59 м).

Ерлерден тәжірибелі Евгений Эктов пен Роман Валиевке ұзындыққа секіруші Тахиржан Қадырқұлов қосылды. Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Эктов бір мәрте 16.12 метрге секіріп, чемпион атанды. Айтпақшы, бұл осы маусымдағы ең үздік көрсеткіш. Екінші орынға Қадырқұлов тұрақтады – 15.42 метр.

23 ақпан. Жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалы: Үш қарғып секіру. Ерлер:

1. Евгений Эктов (СҚО) – 16.12 м;

2. Тахиржан Қадырқұлов (Ақмола обл.) – 15.42 м;

3. Роман Валиев (Павлодар обл.) –15.11 м.

Әйелдер:

1. Мария Овчинникова (Қарағанды обл.) – 13.37 м;

2. Регина Кайсарова (ШҚО) – 12.59 м;

3. Лаура Ахметова (Алматы) – 12.52 м

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер