Бокс

GGG - Канело кездесуінің ең арзан билеттері үш минутта сатылып кеткен

 GGG - Канело кездесуінің ең арзан билеттері үш минутта сатылып кеткен
news-banner7
mobile-news-top

Головкин мен Альварестің Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтетін жекпе-жегінің ең арзан билеттері үш минутта сатылып кеткен, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Осыған дейін аталған кездесудің билет бағасы белгілі болған болатын. Онда билеттердің өткен жылы қыркүйекте өткен бірінші жекпе-жек билеттерінің бағасымен бірдей екені айтылған еді.

Билет бағалалары 300 доллар (96 000 теңге), 500 доллар (160 000 теңге), 700 доллар (227 000 теңге), 800 доллар (256 000 доллар), 1 500 доллар (480 000 теңге), 2 000 доллар (640 000 теңге), 2 500 доллар (800 000 теңге) және 5 000 доллар (1 600 000 теңге) тұрады.

Негізі Головкин-Альварес реваншының билеті 27 ақпанда сатылымға шығады. Ал біздің айтып отырғанымыз алдын ала сатылған билеттер. Әлем көз тіккен кездесудің $ 300 тұратын ең арзан билеттерін көрермендер үш минут ішінде сатып әкеткен.

Осыған қарағанда ұйымдастырушылар бұл жолы да билет сатудан мол пайдаға кенелетін секілді. Ал алғашқы жекпе-жекте билеттерді сатудан түскен табыс 27 миллион доллар болған көрінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер