Жанкүйерлер Томасовты «Спортингке» қарсы ойынның үздігі деп таныды

news-banner7
mobile-news-top

«Астана» футбол клубының ресми парақшасы «Спортингке» қарсы кездесудің үздік ойыншысын анықтады, деп хабарлайды клбутың баспасөз қызметі.

Елубтың әлеуметтік парақшасында жүргізілген сауалнамаға дауыс берген «Астана» жанкүйерлері Марин Томасовты үздік деп тапты.

Еуропа лигасының 1/16 финалы аясында өткен кездесуде хорватиялық жартылай қорғаушы бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Осы еңбегін ескерген жанкүйерлердің 54,9%-ы Томасовқа дауыс берген.

6 518 адам қатысқан сауалнама нәтижесі бойынша кездесудің үздік бес ойыншысы:

1. Марин Томасов 54,9%

2. Дмитрий Шомко 20,8%

3. Патрик Твумаси 14,6%

4. Абзал Бейсебеков 3,5%

5. Марин Аничич 1,3%

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер