Жеңіл атлетика

Қазақстан кубогының финалы: Фавориттер дес берген жоқ

news-banner7
mobile-news-top

Өскенменде жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалдық кезеңі аяқталды. Жарыстың екінші күнінде бірнеше сайыстың жеңімпаздары анықталды.

Ерлер арасында 800 метрге жүгіруден жергілікті спортшы Евгений Архипов үздік шықты.

20 жастағы семейлік атлет биылғы маусымда тұрақты нәтиже көрсетіп жүр. Қаңтар айында Қазақстан кубогының іріктеу кезеңінде екінші келді, ақпан айында екі рет чемпион атанды. Финалда да өзінің үздік екенін дәлелдеді.

3000 метрлік қашықтықта да ешқандай сенсация тіркелген жоқ. 1500 метрде үздік шыққан 19 жастағы Саид Сулайманов пен 2018 жылғы жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпазы Татьяна Нерознак топ жарды.

Сулайманов 2018 жылы 3 шақырымдық дистанцияға екі рет ғана жүгірген. Оның екеуінде де екінші орын алып еді. Бұл жолы күміс жүлдегерден 10 секунд бұрын мәреге жетті.

Ал Татьянаға әзірге бәсекелес жоқ. Екінші орындағы Ольга Богомольская 30 секундқа қалып қойды. Қостанайлық спортшы тек өз-өзімен жарысқандай болды.

Әйелдер арасында сырықпен секіруден Анастасия Ермакова мен Яна Тойбаева бірдей нәтиже көрсетті. Екеуі де – 3.80 метрге секірген. Ермакова қосымша көрсеткіштерінің арқасында Тойбаевадан үздік болып, жеңімпаз атанды.

Ядро серпуден маңғыстаулық Асия Рабаева чемпион атанды. Ең үздік көрсеткіші – 13 метр.

60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден де фавориттер жеңіске жетті. Ерлерден – Вячеслав Земс, әйелдерден – Әйгерім Шыназбекова.

23 ақпан. Жабық кешендегі Қазақстан кубогының финалы.

800 метрге жүгіру, ерлер:

1. Евгений Архипов (ШҚО) – 1.52,29 мин.

2. Әнуар Ерғазы (Алматы) – 1.55,16 мин.

3. Рахымжан Келманов (Қызылорда обл.) – 1.56,24 мин.

3000 метрге жүгіру, ерлер:

1. Саид Сулайманов (ОҚО) – 8:47.87 мин.

2. Вячеслав Чувяков (Қостанай обл.) – 8:57.61 мин.

3. Александр Тю (Алматы обл.) – 9:20.89 мин.

3000 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Татьяна Нерознак (Қостанай обл.) – 9:25.26 мин.

2. Ольга Богомольская (Павлодар обл.) – 10:00.62 мин.

3. Людмила Монина (Алматы обл.) – 10:17.19 мин.

Сырықпен секіру, ерлер:

1. Анастасия Ермакова (Алматы) – 3.80 м;

2. Яна Тойбаева (Алматы) – 3.80 м;

3. Полина Иванова (Алматы) – 3.50 м.

Ядро серпу, әйелдер:

1. Асия Рабаева (Маңғыстау обл.) – 13.00 м;

2. Ольга Хижнякова (ШҚО) – 12.10 м;

3. Сарифа Рзакулиева (Алматы) – 11.95 м.

200 метрге жүгіру, әйелдер:

1. Любовь Ушакова (Қарағанды обл.) – 25,22 сек.

2. Айдана Тұрсын (ОҚО) – 26,25 сек.

200 метрге жүгіру, ерлер:

1. Дамил Сутжанов (Павлодар обл.) – 22,00 сек.

2. Виктор Рябов (Павлодар обл.) – 22,28 сек.

3. Иван Шкред (Ақмола обл.) – 22,92 сек.

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, ерлер:

1. Вячеслав Земс (Қарағанды обл.) – 7.91 сек;

2. Артем Саблин (ОҚО) – 8.18 сек;

3. Александр Мартиросов (Маңғыстау обл.) – 8.24 сек.

60 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру, әйелдер:

1.Әйгерим Шыназбекова (Алматы) – 8.39 сек;

2. Роксана Оспанова (Павлодар обл.) – 8.76 сек;

3. Орынгүл Зкриенова (ШҚО) – 8.94 сек.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер