Қысқы

Олимпиада-2018: Он алтыншы жарыс күнінің қорытындысы

Олимпиада-2018: Он алтыншы жарыс күнінің қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 21 ақпанда Пхенчхандағы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандықтар құрама қоржынына жүлде сала алған жоқ, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Ең өкіншістісі бүкіл қазақ жұрты жүлде күткен Алексей Полтораниннің үздік ондыққа да енбей қалуы болды.

Түстен бұрын шаңғышыларымыз 50 шақырымдық қашықтықта бақ сынады. Бұл жарысқа қатысқан үш отандасымыз да жақсы өнер көрсете алмады. Виталий Пухкало 52-ші, Евгений Величко 39-шы болып мәре сызығын кесті.

Ал осы жарыстың басты фавориттерінің бірі болған Алексей Полторанин бар болғаны 15-ші орынмен шектелді.

Түсткен кейін жарыс жолына шыққан Конькишіміз Федор Мезенцев Масс-старт бәсекесінде өз тобында 11-ші сатыда қалып қойып, финалға шыға алмады.

Осылайша, фристайлшы Юлия Галышевадан кейін ешкім ел қоржынына жүлде сала алар емес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер