Қысқы

Олимпиада-2018: Олимпиаданың соңғы күніне арналған жарыс кестесі

Олимпиада-2018: Олимпиаданың соңғы күніне арналған жарыс кестесі
news-banner7
mobile-news-top

Prosports.kz назарларыңызға жексенбі, 25 ақпанда Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынады.

Олимпиаданың соңғы күнінде соңғы мүмкіндігімізді күтіп көреміз. Өйткені, ертең спортшыларымыз тек бір спорт түрінен ғана бақ сынайды. Шаңғышы қыздарымыз төрт жыл күткен ғаламдық дода аяқталар тұста жақсы өнер көрсетіп, төбемізді көкке жеткізіп жатса, қанеки, дейміз.

Тойдың болғанынан боладысы қызық! Ертең Корея жеріндегі Олимпиада ойындары аяқталады. Кешке қарай салтанатты жабылу рәсімі көретін боламыз.

Шаңғы жарысы

12:15 30 шақырымдық масс-старт, әйелдер

Анна Шевченко, Елена Коломина, Валерия Тюленева

17:00 Олимпиаданың жабылу салтанаты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер