Иво Иличевич тағы жарақат алып қалды

news-banner7
mobile-news-top

«Кайрат» командасының хорватиялық жартылай қорғаушысы Иво Иличевич тағы жарақат алып қалды, деп хабарлайды отанық басылымдар.

Иличевич Түркия жеріндегі оқу-жаттығу жиындары кезінде тізесін жарақаттап алған көрінеді. Ол енді Германияға барып тексерістен өтіп, жарақат деңгейін анықтайды.

31 жастағы футболшы жарақатының ауыр-жеңілдігене қарай ем қабылдайтын болады. Егер салмақты болса Қазақстан Премьер лигасының бірінші кезеңінде (11 тур бойы) командасына көмектесе алмауы да мүмкін.

Естерңізде болса, хорватиялық ойыншыны өткен маусымда да жарақат жиі мазалаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер