Бүгін «Astana Arlans» Ресейдің «Patriot Boxing Team» клубымен күш сынасады
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызБүкіләлемдік бокс сериясының сегізінші маусымына қатысып жатқан «Astana Arlans» бокс клубы бүгін өз алаңында Ресейдің «Patriot Boxing Team» клубымен күш сынасады.
Жекпе-жектер Ақмола облысы Щучинск қаласында өтеді. Басталуы сағат 17:00-де. Жанкүйерлер кездесуді «Хабар» арнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Естеріңізде болса, «Астана арландары»осы маусымдағы алғашқы кездесуін «Indian Tigers» командасына қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Ол кездесу Қарағанды қаласында өтті.