Қазақстан жасөспірімдер құрамасы даниялық клубты жеңді

news-banner7
mobile-news-top

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары аясында «Кёге» командасын жеңді, деп хабарлайды ҚФФ-ның ресми сайты.

Александр Кузнецов шәкірттері даниялық клубтың жас футболшыларымен күш сынасты. Нәтижесінде Қазақстан жасөспіремдер құрамасы 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстан U19 - «Кёге» U20 (Дания) – 3:2 (1:0).

Гол: Скворцов, 26; Кашкен - пенальтиден, 64; Жақыпбаев, 74.

Қазақстан U19: Устименко, Әйтім, Нұрсейтов, Ілиясов, Совет, Скворцов, Ульшин, Кеңесов, Усачев, Сағынаев, Жақыпбаев (к).

Қосалқы құрам: Саенко, Ваганов, Бачек, Қайркенов, Караман, Нұрберген, Мұқашев, Черный, Кашкен, Джанунц, Шәмші, Крансоперов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер