Бокс

Оскар Де Ла Хойя: Головкин – Альварес жекпе-жегінде нокаут көреміз

news-banner7
mobile-news-top

Golden Boy компаниясының басшысы әрі Сауль Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя мексикалық боксшы мен Геннадий Головкин арасындағы кезекті жекпе-жек 12 раундтан ерте аяқталатынына сенімді.

«Бұл жекпе-жек нағыз драма болады. Нокаут көретінімізге сенімдімін. Кепілдік бере алмаймын, бірақ нокаут болады деп сенемін. Маған ұнайтыны – екі боксшы да бірінші жекпе-жектен кейін бір-біріне тісін қайрап жүр. Себебі екеуі де сол кезде жеңдім деп ойлады. Оның үстіне, екі боксшы да нокаут шебері, басқа қалай ойлауы мүмкін?», - деді Де Ла Хойя BoxingScene.com-ға берген сұқбатында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы рематч 2018 жылғы 5 мамырда өтеді. Олар бірінші кездесуден соң тең тарқасқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер