Владимир Мұханов: Көптеген позицияларда проблемаларымыз бар

news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Мұханов ресейлік «Тосноға» (0:4) қарсы матчтан кейін ойын туралы пікірін айтты.

«Тосно» бүгін бізден мықты болды. Біз ойыншыларға физикалық ауыртпашылықты көптеп беріп жатырмыз, келген беттен ауыр жаттығулар болды. Бұны да ескере кету керек. Біз әлі де толық жасақталып болған жоқпыз, көптеген позицияларда проблемаларымыз бар. Әсіресе, қорғаныс шебінде. Шабуылда ой жылдамдығы жетіспеді, менің ойымша, ойыншылар ауыр қимылдады. Сондықтан да бәрі заңды. Жұмысты әрі қарай жалғастыра береміз», - деді Мұханов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер