«Астана-2005» түркиялық команданы жеңді

news-banner7
mobile-news-top

Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Астана-2005» командасы бүгін жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды елордалық клубтың ресми сайты.

Жас астаналықтар «Serik ED spot» командасына қарсы ойнап, 2:0 есебімен басым түсті. Кездесудегі қос голды Стас Трасковецкий мен Ақжайық Алмасұлы соқты.

Еске сала кетейік, Кирилл Малиев пен Ярослав Сеттаров шәкірттері Түркияда 20-28 ақпан аралығында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Командаға мүмкіндікті қала әкімі Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Біріншілігінде жеткен жетістіктері үшін сыйлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер