Қысқы

Олимпиада-2018: Он бесінші жарыс күнінің қорытындысы

Олимпиада-2018: Он бесінші жарыс күнінің қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Пхенчхандағы Олимпиада ойындары аяқталар сәт жақындап келеді. Еліміз спортшылары әлі де болса Юлия Галышеваның ерлігін қайталай алмауда, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Бүгін, 23 ақпанда жарыс жолына шыққан отандастарымыз да жүлделі орынға жақындай алмады.

Таң ата мұз айдынында мәнерлеп сырғанаған Элизабет Тұрсынбаева үздік ондыққа ене алмады. Еркін бағдарламада өнер көрсеткен отандасымыз 118.30 ұпай жинап, 12-ші орын алды.

Конькимен жүгіру жарысында 1000 метр қашықтыққа жүгірген үш отандасымыз да биік белесті бағындырған жоқ. Жарыс қорытындысында, Денис Кузин 27-ші, Станислав Палкин 29-шы сатыда жайғасса, Федор Мезенцев 33-ші болып келді.

Биатлоннан ерлер құрамасы 4х7,5 шақырымдық эстафетада бақ сынады. Максим Браун, Роман Еремин, Василий Подкорытов, Владислав Витенко төрттігі мәре сызығын 17-ші болып кесті.

Осылайша, бүгін де команда қоржынына жүлде түскен жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер