русский язык
Футбол

Бекхэмнің табысы көбейді

Бекхэмнің табысы көбейді

Ағылшын футболшысы Дэвид Бекхэм футболдық карьерасының соңғы жылында жарнамадан 16,5 миллион фунт-стерлинг пайда түсірді деп хабарлайды Guardian басылымы.

Англия құрамасының бұрынғы капитаны «Лос Анджелес Гэлексиде» 5 жылдан аса тер төккен соң, 5 ай «ПСЖ» сапында доп тепті. Париждік клубтан кейін Бекхем спорттан кететінін мәлімдеген еді. Дэвидтің соңғы тапқан пайдасын Footwork Productions компаниясы есептепті. Футболшының жарнамадан түскен табысы 2012 жылға қарағанда 10 пайызға өсіп, 16,5 миллион фунт-стерлингке жеткен.

Дэвид Бекхэм «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Лос Анджелес Гэлекси», «ПСЖ», «Милан» клубтары сапында 540 ойын өткізіп, 97 гол соқты. Ұлттық құрама жейдесінде 115 рет алаңға шығып, 17 рет мергендігімен танылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;