Қысқы

Он бес жасар қыз Олимпиада чемпионы атанды

Он бес жасар қыз Олимпиада чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Оңтүстік Корея жерінде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасындағы жеңімпаз анықталды.

Ресей Олимпиада атлеттері атынан сынға түскен Алина Загитова өзінің үздік өнерін көрсетіп алтыннан алқа тақты. Екінші орында Алинаның отандасы Евгения Медведева. Қола жүлде канадалық мәнерлеп сырғанаушы Кейтлин Осмондтың қоржынында кетті.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан атынан сынға түскен Элизабет Тұрсынбаева қос сайыс қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарын 12-ші орынмен аяқтады.

Алина Загитова Ресей Олимпиада атлеттері үшін алғашқы алтынды алып келді. Бұған дейін Ресейдің ешбір спортшысы тұғырдың ең биік сатысына шыға алмаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер