«Құпия» ақпарат

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы ресейлік клубқа ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан әйелдер құрамасының ойыншысы Аида Гайстенова Ресейдің жоғары лигасында ойнайтын «Енисей» командасымен келісімшартқа отырды, деп жазады prosports.kz сайты.

23 жастағы футболшыға ресейлік клубтан бөлек Беларусь, Босния және Қазақстанның командалары қызығушылық білдірген. Атап айтқанда Боснияның «Искра», қазақстандық «Оқжетпес» және Беларусь чемпионатының ең үздік командасы да болған.

Айта кетейік, Аида Гайстенова өткен маусымды алматылық «СШВСМ Барыс» клубының сапында өткізген. Барлығы 19 ойынға қатысып, бес гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер