Бокс

«Канело» Головкинді нокаутқа жіберуге уәде етті

«Канело» Головкинді нокаутқа жіберуге уәде етті
news-banner7
mobile-news-top

Сауль Альварес Геннадий Головкинмге қарсы екінші жекпе-жек қайда өтетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды prosports.kz сайты stan.kz-қа сілтеме жасап.

Айқас кезекті рет Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

«GGG-мен тарихи реваншта кездесу үшін T-Mobile Arena-ға төртінші рет оралатыныма қуаныштымын. Бұл орын менің сүйікті аренама айналды. Айқас осы жерден басталған еді және осы жерде мен оны аяқтаймын: Менен жанкүйерлерім нені күтсе, соны жасайын – оны нокаутқа жіберемін!», – деді Канело.

Еске салайық, WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес қарымта жекпе-жектерін биыл 5 мамырда өткізеді. 2017 жылдың 16 қыркүйегі күні өткен қос боксшының алғашқы кездесуі төрешілердің шешімімен тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер