Бокс

Қанат Ислам Сергей Ковалевқа сәттілік тіледі

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ресейлік былғары қолғап шебері Сергей Ковалевқа алдағы өтетін жекпе-жегіне сәттілік тіледі.

«3 наурызда өтетін жекпе-жегіңде сәттілік тілеймін, чемпион! Сен көп боксшыларға үлгісің. Жеңілсе де мойымай, қайта чемпион болу тек мықтылардың ғана қолынан келеді. Сен сондай мықтылардың бірі де бірегейісің! Өз салмағыңдағы барлық белбеулерді аларыңа сенемін!

Құрметпен, Қанат Ислам», – деп жазды Қанат Ислам инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, Сергей Ковалев (31-27-2-1 27 KO) пен Игорь Михалкин (21-1 10 KO) арасындағы жекпе-жек Madison Square Garden кешенінде өтеді. Бұл кеште қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов та өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер