Жеңіл атлетика

Жарыстардың көбейгені – спортшылардың өздеріне пайдалы

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы биылғы қысқы маусымда жабық кешендегі жарыстардың санын көбейткен болатын.

Еліміздің жеңіл атлеттері қаңтар айында Қазақстан кубогының бірінші кезеңіне (10-11 қаңтар), Қазақстан чемпионатына (15-16 қаңтар) және Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирге (20 қаңтар) қатысты.

Ал ақпан айында Иран астанасы Тегеран қаласындағы жабық кешендегі Азия чемпионатына (1-4 ақпан), Қазақстан кубогының екінші кезеңінде (16-17 ақпан) өнер көрсетіп үлгерді. Енді алда Қазақстан кубогының финалдық кезеңі бар (22-23 ақпан) бар.

Ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров «Жарыстардың көбейгені – әуелі спортшылардың өздеріне пайдалы» деп отыр.

– Мысалы, Элина Михина мен Светлана Голендова 400 метрге жүгіруден қаңтардағы үш жарысқа және Тегерандағы Азия чемпионатына қатысты. Ал әлем чемпионатының нормативін екеуі тек бесінші жарыста яғни Қазақстан кубогының екінші кезеңінде орындады. Бірнеше додаға қатысу арқылы спорттық баптарына келе бастады. Сондықтан жарыстардың көбейгені – споршыларға пайдалы деп ойлаймын», – дейді Г. Егоров.

Бас бапкердің сөзінің жаны бар. Қазақстан кубогының екінші кезеңінде көптеген спортшылар көңілден шықты. Михина мен Голендовадан бөлек, 17 жастағы сырықпен секіруші Анастасия Ермакова жеке рекордын жаңартты – 3.91 метр. Никита Филиппов биылғы маусымда алғаш рет 5.50 метрге секірді.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер