«Астананың» Еуропаға жорығы аяқталды

«Астананың» Еуропаға жорығы аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа лигасының 1/16 финалында ойнап жатқан елордалық «Астана» клубы Португалия жерінде «Спортинг» командасымен кездесті.

Елордалық ұжым алғашқы ойында өз алаңында 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. Қарымта кездесуде оларға келесі кезеңге өту үшін қарсылас қақпасынан үш рет саңлау тауып, өз қақпаларын голдан аман сақтап қалу керек болатын. Қазақстандық клубтың ойыншылары алғашқы тапсырманы мүлтіксіз орындағанымен өз қақпаларын «құрғақ» сақтап қалу қолдарынан келмеді...

Нәтижесінде жерлестеріміз азулы «Спортинг» клубымен 3:3 есебімен тең түсті. Алайда қос кездесу қортындысында 6:4 есебімен жеңілген «Астана» клубы Еуропа лигасының жарыс жолынан шығып қалды. «Астана» клубымен қоса қазақстандық клубтардың да Еуропаға жорығы аяқталды.

«Спортинг» (Лиссабон) — «Астана» (Астана) 3:3 (1:1)

Голдар: Дост 3 (1:0), Томасов 37 (1:1), Фернандеш 53 (2:1), Фернандеш 63 (3:1), Твумаси 80 (3:2), Шомко 90+4 (3:3)

Ескерту алды: Кляйнхайслер 59

«Спортинг»: Патрисиу, Коэнтрау, Пинту, Рибейру (Акунья 46), Фернандеш, Ристовски, Батталья, Руис (Карвалью 60), Матье, Дост, Пальинья (Леау 74)

«Астана»: Эрич, Шомко, Аничич, Постников, Шитов, Маевский, Бейсебеков, Кляйнхайслер (Станоевич 60), Томасов, Твумаси (Муртазаев 87), Деспотович (Щеткин 66)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер