Жеңіл атлетика

Светлана Голендова: Әрбір жеңіс – үлкен еңбектің жемісі

news-banner7
mobile-news-top

Тегеранда өткен жабық кешендегі Азия чемпионатында 400 метрге жүгіруден қыздар арасында Жамбыл облысының спортшысы Светлана Голендова жеңіске жеткен болатын. Бір қызығы, қаңтар айындағы барлық жарыста Элина Михинаға есе жіберіп жүрген 24 жастағы атлет алғаш рет Иранда басты қарсыласынан озып кетті. Жарыстан кейін спортшымен аз-кем әңгімелестік.

– Чемпион атанғаныма өте қуаныштымын. Әрбір жеңіс – үлкен еңбектің жемісі. Бірінші кезекте бапкеріме алғыс білдіремін. Спортта аз-кем табысқа жетіп жатсақ, ең алдымен жаттықтырушымыздың еңбегінің ақталғаны деп білемін. Азия чемпионатында топ жарғанда эмоцияға берілгенім жасырын емес. Бәрі қандай әсерде болдың деп сұрап жатыр. Бірақ қолыма алтын медаль тигенше сенген жоқпын.

– Бұған дейін 100, 200 метрге жүгіргеніңізді білемін. Неліктен 400 метрге ауыстыңыз?

– Мұндай жоспар бұрыннан болған. Бірақ осыған дейін өзім іштей дайын болмадым. Өйткені, 400 метрге жүгіретін спортшы психологиялық тұрғыдан мығым болу тиіс. Сондай өте қиын дистанция. Қазір ол кезеңдерден өттім. Қаңтар айында бірден 9 жарысқа қатысып, бойымды үйреттім. Тегеранда алғашқы жеңісіме қол жеткізіп отырмын.

– Света, нақты шешім қабылдауыңызға не әсер етті?

– Соңғы кездері спинтерлік сайыстарда жарақат көп алып кеттім. Қыста 60 метрге жүгіруге дайындаласың. Сол кезде үнемі бірдеңе дайын тұрады. Арқадан жарақатым болды. Көбінесе жарақатты арақадан аламын. Психологиялық тұрғыдан жарақаттан шаршағаным рас. Сондықтан орта қашықтыққа жүгіруді жөн деп таптым. Бұл дистанцияға жүгіру үшін көп еңбектену керек, бірақ жарақаты аздау.

– 400 метрге жүгіруден құрамада басты бәсекелесіңіз – Элина Михина. Осындай бәсекелестіктің болғаны пайдалы шығар?

– Әрине. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Бәсекелестік болған кезде нәтиже де болады. Бұл өте керемет. Біз спортта қарсыласпыз, ал өмірде доспыз. Екеуіміз бір пәтерде тұрамыз, жақсы құрбымыз.

Тегеранда Голендова 53.28 секундпен чемпион атанса, одан кейін Өскеменде өткен Қазақстан кубогының екінші кезеңінде Бирмингемдегі әлем чемпионатының нормативін орындады. Бұл жолы тағы да ішкі додада Михинадан қалып қойды. Алайда жеке рекордын жаңартты – 52.76 секунд соның арқасында енді 1-4 наурыз аралығында Бирмингемдегі әлем чемпионатына қатыспақ.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер