Күрес

Астанада әйелдер күресі академиясы ашылды

news-banner7
mobile-news-top

Бүгін елордада әйелдер күресі академиясы ашылды.

Бұған дейін дәл осындай орталық тек Алматыда ғана болатын және ол еркін күрес шеберлеріне арналған. Ал бұрымды спортшылардың академиясы алғаш рет құрылып отыр. Яғни елорданың орталығында орналасқан спорттық кешен енді ұлттық құрама мүшелеріне жыл он екі ай қызмет көрсетеді. Оқу-жаттығу жиындарына ыңғайлы болу үшін бұнда жеке жаттығу залы, өз қонақ үйі және асханасы бар. Ал үлкен залға төселген боз кілемде негізгі жаттығу жұмыстары жүреді. Қазірдің өзінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар бұнда Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Құрлықтық дода 27 ақпан мен 4 наурыз аралығында Ташкент қаласында өтеді.

– Бұл академияның мақсаты – алдымызда өтетін Азия ойындары, Әлем чемпионаттары және 2020 жылы Токиода өтетін олимпиада ойындарына ұлттық құрамадан басқа қосалқы команданың шеберліктерін дамыту, жарыстардан келгеннен кейін командамен анализ жасаймыз. Тамақтануға немесе басқа да қажетті заттарға жағдайлар жасалған, - деді әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев.

Түпнұсқасы: 24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер