Қысқы

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы ерлер эстафетасында үздік алтылыққа енді

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық шорт-трекшілер 5000 метр қашықтыққа жалғасқан ерлер эстафетасында алтыншы орынға ие болды.

Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев пен Еркебұлан Шамұханов бастаған команда Б финалында АҚШ-қа жол беріп, сайысты екінші орында аяқтады.

Финалда Венгрия құрамасы Олимпиада чемпионы атанды. Қытай ұжымы екінші орын иеленсе, Канада үздік үштікті түйіндеді. Төрінші орын Оңтүстік Кореяның еншісінде.

- Үш рет құлаған соң эстафетада сүрінбеуге міндетті болдым. Бар күшімді салдым. Психологиялық тұрғыда ауыр болды, - деді Жұмағазиев.

- Бүгін жақсы өнер көрсеттік, тек соңында АҚШ құрамасына жол беріп қойдық, - деді Шамұханов.

- Эстафетаны жақсы жүгірдік, ең бастысы ешкім құламады. Жалпы, нәтижеге көңілім толды, - деді Әжғалиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер