Қысқы

Қазақ қызы Олимпиада чемпионы атанды

Қазақ қызы Олимпиада чемпионы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада әйелдер эстафетасын сенсациялық түрде Беларусь құрамасы жеңіп алды. Бұл құрама сапында қазақ қызы Динара Әлімбекова өнер көрсетті.

Өкінішке қарай, бұл жарыста қазақстандық команданың өзі сәтсіз өнер көрсетті. Галина Вишневская, Дарья Климина, Алина Райкова мен Ольга Полторанинадан құралған командамыз 14-ші орын алды.

Қуанатын түк те жоқ. Бірақ қазақ жанкүйерлерінің көңіліне қуаныш сезімін сыйлаған бір жайт бар. Алтын алған Беларусь құрамасының сапында қазақ қызы өнер көрсетті. Яғни, чемпиондық квартеттің ішінде біздің де қыз бар!

Эстафетаның үшінші кезеңінде беларусьтік команда сапынан Динара Әлімбекова жарыс жолына шықты. Динара 1996 жылы 5 қаңтарда Қарағанды облысы, Абай қаласында туған.

22 жастағы биатлоншы өз кезеңін жоғары деңгейде өткізіп, Беларусьтің чемпион болуына септігін тигізді.

Бір өкініштісі, Қазақстан сапында чемпион болмады. Қайткен күнде де, қазақ қызы Динара Әлімбекова – Олимпиада чемпионы!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер