Қысқы

Абзал Әжғалиев жартылай финалға шықты

news-banner7
mobile-news-top

Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада шорт-тректен ерлер арасында 500 метр қашықтықта ширек финалдық жарыстар өтті.

Ширек финалда үш отандасымыз бақ сынады. Алғаш болып мұз айдынына шыққан Денис Никиша өз тобында үшінші орын алып (40.806), жартылай финалға өте алмады.

Нұрберген Жұмағазиев екінші топта бақ сынады. Өкінішке орай отандасымыз ойын ережесін бұзып алғандықтан келесі кезеңге өте алмады.

Төртінші топта өнер көрсеткен Абзал Әжғалиевке қарсы бұл жолы да ойын тәртібі бұзылды. Осыны ескерген төрешілер біздің ту ұстаушыға жартылай финалдың жолдамасын берді. Бұл жолы кінәлі болған венгриялық Лю Шаоан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер