Қысқы

Қазақстан жалпы есепте 26-орында

news-banner7
mobile-news-top

Пхенчханда өтіп жатқан қысқы Олимпиадада 22 ақпан күнгі жарыстарты қоса есептегенде командалық есепте 13 алтын, 11 күміс, 9 қола медальмен Норвегия бірінші орында келеді.

Ал 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медалі бар Германия екінші, 9 алтын, 5 күміс, 7 қола жүлдемен Канада үшінші орында тұр. АҚШ (7-6-6) пен Голландия (6-6-4) - үздік бестікте.

Олимпиаданы ұйымдастырып жатқан Оңтүстік Корея спортшылары 4 алтын, 3 күміс 2 қоламен жалпы есепте 9-орында келеді. Қытай (5 күміс, 2 қола) мен Ресей олимпиадалық атлеттерінде (4 күміс, 9 қола) әзірге алтын медаль жоқ. Қазақстан, Латвия, Лихтенштейн бір қоламен 26-орынды бөлісіп тұр.

Олимпиада 25 ақпанда аяқталады.

azattyq.org

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер