«Атырау» Ресей чемпионатынан ойыншы алды

news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстан құрамасының жартылай қорғаушысы Антон Землянухин «Атырауға» ауысты.

28 жастағы хавбек «Абдыш-Ата» клубының түлегі саналады. Землянухин бұл клубтан бөлек түркиялық «Гиресунспор», сербиялық «Раднички», тайландтық «Сисакет» пен «Сукхотхай» клубтарында ойнаған.

Қазақстанда Антон бірнеше клубтың намысын қорғап үлгерді – «Тараз», «Қайрат», «Қайсар» және «Ақтөбе». 2012 жылы «Ақтөбемен» бірге чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Оның соңғы клубы ресейлік «СКА-Хабаровск» командасы болды. Қырғызстан құрамасы сапында 20 матч өткізіп, 9 гол соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер