Жеңіл атлетика

Жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

news-banner7
mobile-news-top

Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасында жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Аталған чемпионаттың алғашқы күнінің нәтижелері:

Спринтерлердің жарысында яғни 60 метрге жүгіруден қарағандылық Виталий Земс топ жарды. Ол мәреге 6.95 секундта жетті. Екінші орында –Астанадан келген Артем Сомов. Елордалық спортшы Земстан 0.13 секундқа қалып қойды. Үштікте тағы бір қарағандылық Александр Киселев бар (7.11 секунд).

21 спортшы 400 метрге жүгірді. Олардың арасынан ең жылдамы – Виктор Рябов болды. Павлодардан келген спортшының уақыт көрсеткіші – 49.98. Тұғырға көтерілген арасында сондай-ақ Руслан Никитин (Алматы) мен Сергей Сухов (Қарағанды облысы) бар.

1500 метрге жүгіргендердің финалы аса тартысты өтті. Алғашқы үштік мәреге бір-бірімен иін тіресіп жетті. Үздігі с 21 жастағы Әнуар Ерғазы (Алматы) болды. Одан кейінгі орындарды Саид Сулайманов (ОҚО) пен Вячеслав Чувяков (Қостанай) өзара бөлісті.

Ұзындыққа секіруден 24 жастағы Ринат Қайсаров та жарысып көрген болатын. Оның нәтижесі хаттамаға тіркелмейді. Бірақ соған қарамастан Қайсаров 6.86 метрмен тек бесінші орыннан көрінді. Ал негізгі үштікке келетін болсақ, бірінші орын қарағандылық Василия Копейкоға бұйырды (7.04 м). Екінші орында – Евгений Киселев (СҚО). Оның көрсеткіші – 6.97 метр. Үштікті маңғыстаулық Әділ Рахмет (6.96 м) қорытындылады.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер