русский язык
Бокс

Поветкин – Кличко жекпе-жегіне діндарлар араласа бастады

Поветкин – Кличко жекпе-жегіне діндарлар араласа бастады

Өткен жексенбіде бокссүйер қауымның назары Мәскеуге ауғаны белгілі. Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы қос алып Владимир Кличко мен Александр Поветкин өзара күш сынасып, кім мықтыны анықтаған.

Жекпе-жек алдын ала болжанғандай бір сарында өтті. Өзін жаттығуда жүргендей сезінген Кличко орыс боксшысын бір қолмен-ақ ұрып, алтыншы белбеуіне қол жеткізді.

Кездесуден кейін әлеуметтік желілер дамыл тапқан жоқ. Жұрттың барлығы жекпе-жекке өзінше баға беріп жатты. Ал, Мәскеудің Епархиалды кеңесі жанындағы миссионерлік комиссияның жетекшісі Дмитрий Першин болса Поветкиннің жеңілісіне діннің қатысы бар дегенді айтып отыр. Яғни, ол Құдайдан өзге күштерге табынған дейді діндар.

«Поветкин денесіне діни суреттер салдырғанша спорт залында жаттығу жасауы керек еді. Оған әруақтар көмектесе алмайды. Өйткені, Александр алғашқыда православ екендігін айтқан. Кейін әруақтарға табынушы (язычество) болып шыға келді. Оның денесіндегі суреттері сөзіме дәлел» дейді Д.Першин. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;