Қысқы

Олимпиада-2018: Он үшінші жарыс күнінің қорытындысы

Олимпиада-2018: Он үшінші жарыс күнінің қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін, 21 ақпанда Пхенчхандағы Олимпиада ойындарына қатысып жатқан қазақстандықтар құрама қоржынына жүлде сала алмағанымен, бір спортшымыз өзі қатысқан жарыстың келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Қазірше Қазақстан қоржынында бір қола медаль бар екенін еске саламыз.

Бүгін таң ата мәнерлеп сырғанаушы қыздарымыз қысқа бағдарламада өнер көрсетті. Алғаш рет Олимпиадаға қатысып отырғандарына қарамастан қаракөздеріміз барын салды.

Өткен жылы алған жарақатының себебінен жарысқа тыңғылықты дайындалып үлгермеген Айза Имамбек 44.40 ұпай жинап, келесі кезеңге өте алмады.

Ал Айзаға қарағанда тәжірибелі Элизабет Тұрсынбаева тәп-тәуір өнер көрсетті. 57.95 ұпай жинаған отандасымыз 15-ші орын алып, еркін бағдарламада бақ сынау мүмкіндігіне ие болды.

Түс ауа жарыс жолына шыққан шаңғышылармыз командалық спринтте финалға шығуға талпынып көрді.

Алайда, Анна Шевченко мен Валерия Тюленева жарысты 17:57.04 уақытта аяқтап, 21 команданың ішінде 20-шы орын алды.

Қыздарға қарағанда ерлер құрамамыз жақсы өнер көрсете білді. Денис Волотка мен Алексей Полторанин 28 команданың арасынан 13-ші орын алды. Уақыт көрсеткіштері: 16:30.10

Олимпиада ойындары аяқталатын уақыт та жақындап келеді. Біз соңғы сәтке дейін спортшыларымыздан жүлде күтетін боламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер