Хоккей

Қақпашысы ойын барысында линзасын түсіріп алып, үш шайба жіберіп алды

news-banner7
mobile-news-top

Хоккейден Норвегия құрамасының қақпашысы Ларс Хеуген Олимпиада ойындарының ширек финалындағы Ресей құрамасымен өткен ойында линзасын жоғалтып алып, қақпасын шайбадан қорғай алмай қалды, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Хеуген алдымен бір көзіндегі линзасын байқаусыз түсіріп алған, осыдан кейін амалсыз екінші көзіндегі линзаны да алып тастаған.

Осы жағдай себеп болған болуы мүмкін, бірнеше минуттан соң, ол бірінші шайбаны жіберіп алды. Оның авторы – ресейлік Михаил Григоренко. Тағы бірнеше минуттан соң Никита Гусев есепті еселеді. Үзіліске бір минут қалғанда, Вячеслав Войнов есепті 3:0-ге жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер