Бокс

Қанат Ислам Эгис Климаспен келісімшарт жасасқан жоқ

news-banner7
mobile-news-top

The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климас бірінші орта салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Қанат Исламмен келісімшартқа отырғаны туралы ақпараты жалған болып шықты, деп хабарлайды prosports.kz.

Бұл ақпаратты кеше vRINGe.com сайты таратқан болатын.

– Қанат Ислам Эгис Климаспен келісімшарт жасасқан жоқ. Бейбіт Шүменовты промоутер болды дегені сияқты бұл ақпарат та жалған. Сайт журналистерінің хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін сұрамағанына таң қалдық. Біз ешкіммен келісім шартқа отырмадық, - деп жазды Қанат Исламның командасының Инстаграм желісіндегі парақшасы.

Климас Сергей Ковалев (31-2-1, 27 КО), Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) және Александр Усик (14-0, 11 КО) секілді танымал боксшылармен жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері атанды деген ақпарат та өтірік болып шыққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер