русский язык
Теннис

Галина Воскобоева Қазақстанның бірінші ракеткасы

Галина Воскобоева Қазақстанның бірінші ракеткасы

Галина Воскобоева әлем рейтингісінде алты сатыға көтереліп Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды.

Қазақстандық теннисші 80-ші орыннан 74-ші орынға көтерілді, ал еліміздің экс-бірінші ракеткасы Ярослава Шведова  6 cатыға төмендеп 78-ші орынға ие болды. Юлия Путинцева 95-ші орында тұрса, Зарина Диас 181-ші орынға орналасты, тағы бір теннисшіміз Сесиль Каратанчева 148-ші орынға тұрақталды.  

Әйелдер арасындағы халықаралық әлем рейтингисінде американдық теннисші Серена Уильямс ешкімге бес бермеуде. Екінші орында беларусь теннисшісі Виктория Азаренко болса, үздік үштікті ресейлік Мария Шарапова түйіндеуде.

WTA рейтингісі. 7 қазан:
1 (1). Серена Уильямс (АҚШ) - 13260 ұпай,
2 (2). Виктория Азаренко (Беларусь) - 8485,
3 (3). Мария Шарапова (Ресей) - 6941,
4 (4). Агнешка Радваньска (Польша) - 6195,
5 (5). Ли На (Қытай) - 5365,
6 (6). Сара Эррани (Италия) - 4435,
7 (7). Петра Квитова (Чехия) - 4315,
8 (11). Елена Янкович (Сербия) - 3860,
9 (8). Каролина Возняцки (Дания) - 3845,
10 (9). Ангелика Кербер (Германия) - 3645,
... 74 (80). Галина Воскобоева (Қазақстан) - 877,
78 (72). Ярослава Шведова (Қазақстан) - 833,
95 (96). Юлия Путинцева (Қазақстан) - 703,
148 (148). Сесиль Каратанчева (Қазақстан) - 430,
181 (182). Зарина Дияс (Қазақстан) - 342.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;