«Астана» - «Спортинг»: Тарих пен деректер

«Астана» - «Спортинг»: Тарих пен деректер
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» Еуропа лигасының 1/8 финалындағы алғашқы ойынында «Спортингтен» 1:3 есебімен ұтылып қалды. Енді олар келесі кезеңге шығу міндетін Лиссабонда шешіп көрмек. Рrosports.kz қос команда арасындағы байланыс пен қызықты деректерді ұсынады.

«Астана» қазақстандық клубтар арасында еурокубоктардың плей-офф кезеңіне шыққан алғашқы команда. Қазақстан чемпионы А тобында «Вильяреалды» алға жіберіп топтан екінші орынмен шыққан. Ал «Спортинг» Чемпиондар лигасында «Барселона» мен «Ювентусқа» шамасы жетпей топта үшінші орын алып қалған.

Бұған дейінгі кездесулері:

Алғашқы ойында Марин Томасов гол соғып қазақстандық команда есепте алға шыққан. Кейін Бруну Фернандеш , Желсон Мартинш және Сейду Думбия бірден гол соғып португалиялық команда жеңіске жетті.

«Астана» «Спортингтің» қас жауы «Бенфикамен» 2015/16 маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде бір топта болған. Сырт алаңда 0:2 есебімен жеңілсе, өз алаңында 2:2 есебімен тең тарқасты. Қазақстандық команда қатарында Патрик Твумаси мен Марин Аничич гол соқты.

Команда туралы фактілер

«Спортинг» Еуропа лигасында өз алаңында ұзақ уақыт жеңілмеген команда. Алғашқы жиырма ойын бойы өз алаңында жеңілістің не екенін білмей келді. Оларды тек Мәскеудің «Локомотив» командасы ғана жеңе алды.

«Спортинг» еурокубок ойындарында соңғы алты ойында жалғыз рет жеңіске жеткен. Екі ойында тең түссе, үш ойында жеңілген.

«Астана» биылғы маусымға дейін сырт алаңда он үш ойын қатарынан жеңіске жете алмай келген. Бес ойында тең түссе, сегіз ойында жеңілістің кермек дәмін татқан. Биыл сырт алаңда үш рет жеңіске жете алды. Соңғысында чехиялық «Славияны» 1:0 есебімен жеңіп топтан шыққан болатын.

«Астана» топтық кезеңдегі сырт алаңда өткізген үш ойында да бірден гол соға алды. Ал енді келесі кезеңге өту үшін кемінде үш гол соғу қажет.

«Спортинг» өткен маусымда Португалия чемпионатында үшінші орын алған. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Стяуаны» екі ойын қортындысы бойынша 5:1 есебімен жеңді.

«Астана» болса, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Селтикке» екі ойын қортындысы бойынша 4:8 есебімен есе жіберді.

«Спортинг»

Еурокубок ойындары үшін қосылғандар: Рубен Рибейру, Брайан Руис, Фреди Монтеро

Команда қатарынан шығып қалғандар: Желсон Дала, Маттеус, Алан Руис, Юри Медейруш, Тобиаш Фигейреду, Жонатан Силва

«Астана»

Еурокубок ойындары үшін қосылғандар: Юрий Перцух, Бахтиер Зайнутдинов, Марко Станоевич.

Команда қатарынан шығып қалғандар: Асхат Тағыберген, Джуниор Кабананга.

Командалар арасындағы байланыс:

Астана мен Лиссабонның арасы 6171 шақырым. Сондықтан командалар Еурокубок тарихында ең ұзақ жол кесіп өтпек.

«Астана» ойыншысы Марин Томасов пен «Спортинг» қорғаушысы Стефан Ристовски «Риека» командасында бірге ойнаған.

«Спортинг» шабуылшысы Бас Дост пен «Астана» ойыншысы Иван Маевский былтыр Голландия мен Беларусь (3:1) арасындағы ойында бір-біріне қарсылас атанған.

Жорж Жезуш Еуропа лигасында 48 ойын өткізген. Бұл көрсеткіш бойынша турнирде үш рет топ жарған Унай Эмери (59) көш бастап келеді .

Астанада өткен ойында алаңнан қуылған Юрий Логвиненко келесі ойынға қатыса алмайды.

Есесіне бір ойынға шеттелген Серікжан Мұжықов Лиссабондағы ойында алаңға шыға алады.

Бір сары қағаз алса келесі ойынға қатыса алмайтын ойыншылар: Маркос Акунья, Фабиу Коэнтрау, Желсон Мартинш, Бруну Фернандеш, Вилльям Карвалью, Себастьян Коатес ("Спортинг"); Игорь Шитов, Иван Маевский ("Астана").

Пенальти сериясы

«Спортинг» ойын соңында екі рет пенальти теуіп екі ретінде де сәтсіздікке ұшырағын.

«Астана» Еурокубокте ойын соңында пенальти теппеген.

Бапкерлер:

«Спортинг» командасына Жезуш «Бенфикадан» ауысып келген. Бұл 2015 жыл болатын. «Бенфикамен» Жезуш алты жылда Португалияның ішінде тоғыз жүлдеге қол жеткізді. Дегенмен Жезуш футболшылық мансабын дәл осы «Спортинг» клубында 70 жылдардың басында бастаған.

Болгария құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі бас бапкері Станимир Стойлов «Астана» клубына 2014 жылы келген болатын. Төрт жыл ішінде төрт рет ел біріншілігінде топ жарды. Футболшы кезеңіндегі ең жарқын жылдарын «Левски» клубы қатарында өткізген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер