Қазақстан жасөспірімдері тәжік құрдастарынан ұтылып қалды

news-banner7
mobile-news-top

Біздің футболшылар екі күн қатарынан жолдастық ойын өткізді.

Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыныда аға бапкер Александр Кузнецов жаттықтыратын 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Тәжікстанмен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Қарсыластар ойынның он үшінші минутында пенальтиден гол соқты.

Бұл Қазақстан құрамасының қатарынан екінші ойыны болды. Бір күн бұрын біздің футболшылар Ресеймен ойнағаг еді.

Қазақстан U19 – Тәжікстан U19 – 0:1.

Қазақстан U19: Медведев, Шәмші, Қашкен, Ілиясов, Совет, Скворцов, Нұрберген, Жақыпбаев, Усачев, Сағынаев, Красноперов.

Екінші таймда алаңға шыққан ойыншылар: Саенко, Кеңесов, Бачек, Қайыркенов, Қараман, Әйтім, Мұқашев, Черный, Грабко, Ваганов, Ульшин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер