русский язык
Футбол

ҚПЛ. 29-шы турға шолу

ҚПЛ. 29-шы турға шолу

Футболдан Қазақстан Премьер лигасының 29-шы туры дүбірлеп өтті. «Ақтөбе» өз алаңда «Ертістен» басым түссе, «Қайрат» елордалық «Астананы» жеңді.

Турдың орталық матчында «Қобыланды батыр» стадионында «Ақтөбе» павлодарлық «Ертісті» қабылдады. Ойын бірінші минуттан бастап тартысты өрбіді. Есепті бірінші болып қонақтар сапындағы Дмитрий Шойко жойқын соққымен ашты. Бірінші тайм аяқталарда Сергей Давыдов тараз басын теңестірді. Ал екінші кезеңде ақтөбеліктер басымдықты арттырып, Роберт Арзуманянның арқасында алға шықты. Артынша Марат Хайруллин атына бір гол жазып есеп 3:1-ге жеткізді.

«Ақтөбе» - «Ертіс» 3:1 (1:1)

Голдар: Давыдов 45, Арзуманян 47, Хайруллин 71 - Шомко 17

«Астана аренада» өткен кездесуде елордалық клуб қайтсе де жеңіске жетеміз деген оймен алаңға шықты. Ойын баяу басталды, дегенмен «Астана» сапындағы үздік ойыншылардың бірі Патрик Твумаси 45-ші минутта өз командасын алға шығарды. Үзілістен кейін алматылықтар іске білек сыбана кірісті. Матч аяқталуына 7 минут қалғанда Виталий Ли есепті теңестірсе, үш минуттан кейін Йосип Кнежевич алматылық клубқа жеңіс сыйлады.

«Астана» - «Қайрат» 1:2 (1:0)

Голдар: Твумаси 45 - Ли 84, Кнежевич 87

Ұпайға зәру болып жүрген «Жетісу» өз алаңда «Атырауды» қабылдады. Қос ұжым жақсы ойын көрсеткенмен жанкүйерлерді голмен қуанта алмады. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

«Жетісу» - «Атырау» 0:0 (0:0)

Қостанайлық «Тобыл» өз алаңында шалғайдағы шығыстан ат терлетіп келген «Востокпен» кездесті. Ең қызығы, матчтағы барлық голдар бұрыштамадан соғылды. «Востоктың» ойыншысы Раданфаха Абу Бакр есепті ашты. Екінші таймда Александр Шкот таразы басын теңестірсе, артынша алаңға тыңнан қосылған Алумона қостанайлық клубқа жеңіс сыйлады.

«Тобыл» - «Восток» 2:1 (0:1)

Голдар: Шкот 71, Алумона 75 - Абу Бакр 34

«Тараз» сырт алаңда «Ақжайықтан» ұтылды. Бірінші таймда оралдық клуб екі гол соғып үлгерді, Константин Зотов пен Недо Туркович көзге түсті. Арно Пайперс жаттықтыратын команда тек ойын соңында ғана бір гол қайтара алды, авторы - Константин Заречный.

«Ақжайық» - «Тараз» 2:1 (2:0)

Голдар: Зотов 28, Туркович 35 - Заречный 88

Виктор Кумыков баптайтын кеншілер командасы Қарағандыда «Ордабасыны» қабылдап үш гол айырмашылығымен жеңіске жетті. Үшінші орын үшін талас бұрынғыдан да күшейе бастағандай.

«Шахтер» — «Ордабасы» 3:0 (1:0)
Голдар: 
Джидич 38 (1:0), Зенькович 58 (2:0), Габышев 79 (3:0).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;