Қысқы

Виктор Лемешко: Дмитрий Рейхердке бәрібір медаль бермес еді

Виктор Лемешко: Дмитрий Рейхердке бәрібір медаль бермес еді
news-banner7
mobile-news-top

Фристайлдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Виктор Лемешко Пхенчхандағы қысқы Олимпиадада могулшы Дмитрий Рейхардқа қазылар жүлде бермейтініне сенімді.

«Бір жағынан, жүлдегелер қатарында болып, Олимпиада медалін алғымыз келеді. Бірақ бізге бере салады деп ойламаймын. Олимпиадада қазылар қате жіберіп, Галышеваны финалға жіберді, ал ол медаль жеңіп алды. Дима (Дмитрий Рейхард) мен Павел (Колмаков) қалай өнер көрсетсе де, оларды финалға шығармас еді. Біздің өз төрешілеріміз жоқ. Сондықтан, Рейхерд үздік алтылықтан көріну үшін қалғандарының бәрінен бір бас жоғары болу керек екенін түсінді. Бірақ финалға өткенде де, ол төртінші орын алар еді, медальға оны жақындатпайды да. Өз төрешіміз болмаса, медаль аламыз деп сеніммен айта алмаймыз», - деді Лемешко Zakon.kz-ке берген сұқбатында.

Айта кетейік, Пхенчхан Олимпиадасында Юлия Галышева қола медаль алған болатын. Ал Дмитрий Рейхард пен Павел Колмаков финалға өте алмай қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер