Бокс

Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болмайтынын айтты

Бейбіт Шүменов Қанат Исламның промоутері болмайтынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

BoxRec сайтында кәсіби боксшы, жартылай ауыр (WBA super) және бірінші ауыр (WBA) салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы Бейбіт Шуменов қазақстандық боксшы Қанат Исламнның промоутері болды деген ақпарат пайда болды. Алайда Бейбіт Шүменовтің өзі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

— Менің Қанат Исламмен промоутер ретінде жұмыс істейтіндігім жайлы БАҚ бетінде пайда болған ақпарат шындыққа сай келмейді. Ия, менің Лас-Вегас қаласында тіркелген KZ Event Productions, Inc. деп аталатын жеке проумоутерлік компаниям бар. Әрине, болашақта біздің жігіттерге әлемдік аренада жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің атағын шығаруларына көмектесуді жоспарлап отырмын, - деді Бейбіт Шүменов.

Естеріңізге салсақ, қазақстандық кәсіби боксшы 29 қаңтарда денсаулығына байланысты бірнеше жылға үзіліс жасаған спорттық мансабын қайта жалғастыратынын хабарлаған болатын. Бейбіттің айтуынша, қазір оның денсаулығы жақсы және шаршы алаңға жаңа тыныспен шығуға дайын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер