Қазақстан жастар құрамасы екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

news-banner7
mobile-news-top

Талғат Байсуфинов шәкірттері 2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындалып жатыр.

Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынында аға жаттықтырушы Талғат Байсуфинов жаттықтыратын 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы екінші ойын қатарынан жеңіске жетті.

Екінші жолдастық кездесуде біздің футболшылар Грузияның «Динамо Тбилиси» командасының екінші құрамымен ойнап, 1:0 есебімен басым түсті. Ойын тағдыры матчтың соңғы минутында шешілді.

Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған қорғаушы Сағадат Тұрсынбай. Ол жартылай қорғаушы Ринат Жұматовтың айып соққысынан шығарған пасты голға айналдырды.

Қазақстан жастар құрамасы ойынды екі түрлі құраммен өткізді.

Қазақстан U-21 - «Динамо Тбилиси - 2»

Гол: Тұрсынбай 89

Бірінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Трофимец, Қыбырай (Сарбай), Батырханов, Орынбасар, Галбаев, Жахаев, Сламбеков (Әбденәби), Жагоров, Наджарян, Сейітханов, Өміртаев.

Екінші таймда алаңға шыққан футболшылар: Закиров, Әлімбаев, Әбілғазы, Мәжитов, Тұрсынбай, Қалмұратов, Шәмші, Антипов, Жұматов, Федин, Сәрсенов.

Түпнұсқасы: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер