Аршавин «Қайраттан» кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Аршавин «Қайраттан» кетуі мүмкін екенін мәлімдеді
news-banner7
mobile-news-top

Ресей құрамасының бұрынғы капитаны, қазіргі уақытта «Қайратта» өнер көрсететін Андрей Аршавин әйелі Алиса Кузьмина темір торға қамалса футболшы мансабын аяқтауы мүмкін, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

– Егер Алиса түрмеге отырса, мен бірден ол жақта ойнауды тоқтатамын. Өзімнің қолымды өзім шапқандай боламын. Расында қатты өкінемін. Өтінемін, мені футболсыз қалдырмаңыздар. Мен жәй ғана өз жұмысымды істеп, нанымды тауып жүрмін. Алисаны жақсы көрдім, жақсы көремін де, – деді Андрей Аршавин ресейлік «Дни.ру» сайтына.

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық модель Ольга Семенова Алиса Аршавина өзін қорқытты деп сотқа арыз жазған.

Естеріңізде болса, Андрей Аршавиннің әйеліне қатысты қазақстандық модельді қорқытты деген күдікпен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер