Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы жұмыс сапарымен Түркияда болды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев екі күндік жұмыс сапарымен Түркияға келіп, оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан қазақстандық төрешілердің семинарына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрешілердің оқу-жаттығу жиынының бағдарламасына теориялық сабақтар мен физикалық дайындықтар, видео-сынақ пен ойын ережесі бойынша емтихан кіреді.

- Жаңа маусымға дайындық басталды. Төрешілердің жұмысына үлкен жүк артылады, - деді Азамат Серікұлы. – Оқу-жаттығу жиыны кәсіби шеберлікті арттыруға ықпал етеді. Ішкі чемпионаттан бастап, еуропалық клубтық турнирлер мен іріктеу кезеңінің ойындарына қазылық етуге ұмтылу керек.

Сонымен қатар, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының дайындығын тексерді.

Іссапар соңында Азамат Серікұлы жаңа маусымға дайындық жүргізіп жатқан қарағандылық «Шахтер» және қызылордалық «Қайсар» клубының жұмыстарымен танысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер