Басқа

Андрей Аршавин: Ресей заңында дәл мынадай қылмыстық бап мүлде жоқ

Андрей Аршавин: Ресей заңында дәл мынадай қылмыстық бап мүлде жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин әйелі Алиса Казьминаның үстінен қозғалған қылмыстық іске қатысты пікір білдірді.

Осыдан біраз уақыт бұрын қазақстандық модель Ольга Семенова Алиса Аршавина өзін қорқытты деп сотқа арыз жазған болатын.

Атақты футболшы осындай қарапайым іске бола қылмыстық жауапкершілік қузалып жатқанына таңғалып отырғанын жеткізді.

- Мен әйелімнің қылмыстық қудалауға ұшырып жатқанына таңғалып отырмын. Ол бұндай жағдайға ұшырауға тиіс емес еді. Оның адвокатының айтуынша Ресей заңында тіпті мынадай қылмыстық бап жоқ екен. Ол енді Алисаны осы істен арашалап алуға тырысатын болады.

Мен де заңды құқығымызды қорғау үшін барымды салуға дайынмын. Әрі бұл іс тоқтатылуы керек деп есептеймін. Менше, бұл барып тұрған арандатушылық.

Әрине, мен мейрамханадағы өз қылығымды ақтамаймын. Отбасыма осынша ыңғайсыздық турдырған сол әрекетім үшін сүйікті жарымнан және балаларымнан кешірім сұраймын,- дейді Аршавин.

Естеріңізде болса, Андрей Аршавиннің әйеліне қатысты қазақстандық модельді қорқытты деген күдікпен үш бап бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер