Жеңіл атлетика

Ермакова жастар арасындағы ел чемпионатына қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Өскеменде жеңіл атлетикадан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты өтуде, деп хабарлайды жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты.

Жарыс 19-20 ақпанға жоспарланған. Ел чемпионатында 1996 жылдан бері туған атлеттердің барлығына қатысуға болады. Алдын-ала мәлімет бойынша турнирге қатысуға еліміздің 10 облысы мен Астана және Алматы қаласы өтініш білдірген. Спортшысы жоқ облыстардың қатарында Жамбыл, БҚО, Ақтөбе, Атырау бар.

Чемпионатта ересектер арасында да жоғары нәтижелерге жетіп жүрген атлеттер бар. Мысалы, жақында Иранда өткен жабық кешендегі Азия чемпионатының жеңімпаздары Анастасия Ермакова (сырықпен секіру) мен Аделина Ахметов (4х400 метрлік эстафета) Өскеменде өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ өтініш бергендердің қатарында ағайынды Виталий және Вячеслав Земсты, Любовь Ушакова, Мария Овчинникова секілді қарағандылық танымал спортшыларды байқадық. Алматылық биіктікке секіруші Роман Лошкарев та өз бағын сынамақ.

Түпнұсқасы: kazathletics.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер