Ресми: «Ордабасыға» хорватиялық қорғаушы келді

news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттік «Ордабасы» командасының қатарын хорватиялық қорғаушы Хрвое Спахия толықтырды, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 жастағы футболшы мансабын хорватиялық «Шибеник» клубында бастаған. Бұдан бөлек өз елінің «Загору», Түркияның «Элязыгспор» және словениялық «Олимпия» командаларында доп тепкен.

Хрвое Спахияның соңғы өнер көрсеткен командасы Румынияның «Волунтари» футбол клубы. Ол осы командамен бірге Румыния кубогының иегері атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер